Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

113 мың өтінім, 93 мың грант: Конкурс қорытындысы жарияланды

Қазақстанда биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 210 мыңнан астам талапкер қатысты. Оның ішінде 160,5 мың түлек немесе 76%-дан астамы шекті балды еңсеріп, жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігіне ие болды. ҰБТ-ның орташа нәтижесі 69,42 балды құрады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ-да мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2025 жылғы мемлекеттік білім гранттарының конкурсына 113 мыңға жуық өтінім берілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға артық. Жалпы биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларына 93 232 грант бөлінді. Оның 77 084-і – бакалавриатқа арналса, қалғаны магистратура мен докторантураға қарастырылған, — деді вице-министр брифингте.

Конкурс қорытындысында гранттардың 99%-ы игерілді.

Квота бөлінісі мынадай:

  • Атырау және Маңғыстау облыстарының жастарына – 2 500 грант;
  • «Серпін» жобасы бойынша – 2 004 грант;
  • Шетелдік ЖОО филиалдарына – 2 365 грант;
  • Әлеуметтік осал топтағы балаларға – 9,5 мың грант;
  • Қандастарға – 2,1 мың грант;
  • Әскери қызметтен оралған азаматтарға алғаш рет – 2 010 грант берілді.

Айта кетейік, 25 тамызда бакалавриатқа қабылдау науқаны аяқталды. Ал магистратура мен докторантураға қабылдау 28 тамыз күні тәмамдалады.

Сәйкес жаңалықтар

Бір тәулік ішінде қалада 5709 адам вакцина алды

admin

Полицейлер 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады

admin

Референдум саяси теңдікке жетудің ең биік сатысы

admin