Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Қазақстанда студенттер шетелдегідей жатақханаларда тұрады

 Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова шетелдік үлгідегі жатақханалар еліміздің бірнеше өңірінде пайдалануға берілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте жоғары оқу орындарының инфрақрылымы туралы айтып берді. Қазір заманауи дизайны бар, жасыл кампус тұжырымдамасымен және шетелдік студенттік резиденциялар форматына сәйкес келетін жатақханалар салуға мүмкіндік бар. Мұндай жатақханалар Астана, Алматы, Петропавл қалаларында биыл пайдалануға берілді, — деп айтты вице-министр брифингте.

— НАРХОЗ университетінде 424 орындық жатақхана берілді.

— Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 2 656 орындық жатақхана.

— Қозыбаев университеті — 1200 және 306 орындық жатақханалар.

— Алматы қаласында Халықаралық білім корпорациясы – 339 орындық жатақхана келесі аптада пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар жаз айларында жоғары оқу орындарының 58 нысаны күрделі жөндеуден, 560-тан астам нысан ағымдағы жөндеуден өткізілді.

Сәйкес жаңалықтар

Сараптамалық кеңестер «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша 6 мыңнан астам өтінішті қарады

admin

Алматыда әлеуметтік осал санатындағы азаматтарға пәтер беріліп, АӘК көрсетілді

admin

Абай облысының әкімі елден шыққан азаматтарды туған өлкені көркейтуге атсалысуға шақырды

admin