Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

«Грантқа түсіріп беремін»: Астанада 20-дан астам талапкерді алдаған алаяқ ұсталды

 Астана полицейлері 34 жастағы ер адамды қомақты қаржыға білім грантын «кепілдендіріп беремін» деп алдағаны үшін ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу дерегінше, ол талапкерлерді таныстары арқылы тауып, телефонмен сенімді түрде кеңес берген. Магистратура мен бакалавриатқа «қосымша жолмен» түсуге көмектесемін деп уәде еткен. Әр «қызметі» үшін ірі сомада ақша сұрап, қаражатты алған соң байланысқа шықпай отырған.

Мәселен, жәбірленушілердің бірі магистратураға грантқа түсіру үшін оған 1 млн теңге берген. Ақша қолына тигеннен кейін ол ізін суытқан. Қазіргі таңда күдікті ұсталды, оның үстінен қылмыстық іс қозғалды, – деді Астана ПД баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаны қаскөйлікпен бүзғаны үшін бас бостандығынан айырылды

admin

Түркістан: Мектеп директорларын тағайындау конкурсы тікелей эфирде жүргізілді

admin

Полицейлер нашақорлық пен алаяқтықтың алдын алу бойынша 1200 студентпен кездесу өткізді

admin