Тағы бір оқиға: Назарбаев университетінің жатақханасынан қыздың денесі табылды

 Астанада 15 тамыз күні Назарбаев Университетінің жатақханасының 12-қабатынан 22 жастағы қыз құлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Полиция мәліметінше, қайтыс болған қыз елорда тұрғыны. Елордадағы 22 жастағы тұрғынның денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала деректерге сәйкес, қыз жатақхананың терезесінен құлаған. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау бойынша шаралар жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл – соңғы айларда дәл осы жатақханада тіркелген екінші қайғылы жағдай. Еске салсақ, маусым айында мұнда студент қыздың денесі табылған еді. Ол кезде қылмыстық іс “Өзін-өзі өлтіруге жеткізу” бабымен қозғалған болатын.

Еске сала кетейік, Астанада Назарбаев Университеті жатақханаларының бірінде студент қыздың денесі табылған еді. Аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталғанын да жазған едік.

Аталған қайғылы оқиғаға қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірген еді.