Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістандық тәртіп сақшысы республикалық спартакиададан олжалы оралды

Қарағанды қаласында өткен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арасындағы спорттық жарыстан Түркістан облысының полицейі жеңіспен оралды.

ҚР ІІМ-нің XII спартакиадасы мен спорттық самбодан «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамының бағдарламасы аясындағы XII ведомствоаралық спартакиадасына қатысушылар физикалық дайындықпен қатар төзімділік, шапшаңдық, жоғары ойлау қабілетін көрсетті.

Айта кетсек, полиция капитаны Еркеғали Серғалиұлы самбодан 98 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ осы сайыстың «Үздік әдісі» номинациясымен марапатталды. Себебі түркістандық тәртіп сақшысы жарыс кезінде 4 белдесу өткізіп, барлығында айқын басымдықпен көзге түсті.

Оқу-жаттығу взводының инспекторы Е.Серғалиұлы 2020 жылдан бері  ішкі істер саласында қызмет атқарады. Ал спортпен 10 жасынан айналысып келеді. Жетістіктері де аз емес. Полиция капитаны самбо, дзюдо күресінен спорт шебері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Бүгінгі жеңіс-оның спорт саласында одан әрі шыңдалуына ықпал етеді.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас ауданында жыл басынан бері 40 адам короновирус инфекциясын жұқтырған

admin

Төлеби: тапсырма орындалуымен құнды

admin

Отандық тауар өндірушілердің мектеп жәрмеңкесі өтеді

admin