Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Сауран ауданында әлеуметтік-экономикалық және этносаралық мәселелер қаралды

Сауран ауданының әкімі Мақсат  Таңғатаровтың төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиында  екі маңызды мәселе қаралды.

Бірінші болып ауданның 2025 жылдың І жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша индикаторлық жоспарлардың орындалу барысы тыңдалды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов баяндама жасап, жоспарларды толық орындамаған бөлімдердің қызметіне талдау жасады.

Аудан әкімі өз сөзінде:

— Бұл бағыттағы жұмысты күшейту қажет. Әр бөлім басшысы өзі жауапты саланың көрсеткіштері үшін тікелей жауап береді. Талдау, нақты шешім және нәтижелі әрекет қажет. Кемшіліктерді жасырып қалмай, себептерін ашық айтып, түзетуге кірісуіміз керек, — деп атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе – этносаралық қатынастарды нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы болды. Бұл жөнінде ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Марат Қалеке баяндама жасап, аудандағы этностар арасында жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде айтты.

Мәжіліс соңында аудан басшысы сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, жоспарлардың орындалуын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Ордабасы: Аудан басшысы Көктөбе ауылындағы «Мадияр» шаруашылығының жұмысымен танысты.

admin

Түркістандық дәрігерлер марапатқа ие болды

admin

«Жасыл Астана» кешенінің тұрғындары наразылық білдірді

admin