Түнгі бақылау: Түркістан облысында қауіпсіздік басты орында

“Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен өңір аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, түрлі құқық бұзушылықтардың жолын кесу және жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында профилактикалық-рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Полицияның негізгі міндеттерінің бірі-кешкі және түнгі уақытта азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Осы бағытта патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар және ювеналды полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда, көшелерде, аулаларда, демалыс аймақтарында және ойын-сауық орындарында тәртіпті сақтауға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асырды. Ал жаяу патрульдейтін қызметкерлер жол қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз етуге ықпал ететін “шағын жарық шамдармен” қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ көшедегі қылмыстың алдын алуға, заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтауға және басқа да құқық бұзушылықтарға назар аударылды. Полицейлер қоғамдық орындарда, сауда орындарында және қоғамдық көліктерде профилактикалық әңгімелер жүргізді. Азаматтарға жолдардағы апаттың алдын алу жөніндегі ақпаратты қамтитын QR-кодтары бар жадынамалар таратылды.

Бұл азаматтарды құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы хабардар етіп қана қоймай, олардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға ықпал етеді. Осы ретте полиция халықты мұқият болуға, қоғамдық тәртіп пен жол ережелерін сақтауға шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі-қауіпсіз қоғам құрудың негізгі элементі.