Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Интернет алаяқтықтан сақтану- бүгінгі күннің талабы

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденовтың тапсырмасына сәйкес  тәртіп сақшылары халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Қоғамдағы өзекті мәселеге айналған интернет алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында өткізілген бұл шараға  800-ден астам адам қамтылды. Полицейлер интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар таратып, тұрғындарға  киберқылмыстан сақ болуды ескертті.

«Біздің басты мақсатымыз – тек құқық бұзушылықтарды анықтау емес, олардың алдын алу. Қазіргі уақытта алаяқтар интернет кеңістігінде белсенді әрекет етуде. Сондықтан әрбір азамат қырағылық ең сенімді қорған екенін ұмытпауы тиіс. Ал полиция әрқашан қасында болып, қажетті ақпаратты уақтылы ұсынуға дайын», – деді түркістандық полицейлер.

Сәйкес жаңалықтар

Халықаралық сарапшы: Үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі жоқ емес

admin

ШЫМКЕНТ: «Тұран» шағын ауданының инженерлік инфрақұрылымы мен абаттандыру жұмыстары

admin

Түркістан: жолдардың қысқа дайындығы пысықталды

admin