Полиция қызметкерлері медицина қызметкерлеріне террористік қатерлерге ден қою тәртібін түсіндірді

Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері медицина қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды. Кездесуде жедел уәкілдер Түркістан қаласының ауруханалары мен емханаларының қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша дәріс өткізді.

Полицейлер террористік қатерлер туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі туралы, сондай-ақ объектілерге дабыл түскен кезде алғашқы ден қою шараларын түсіндірді. Сондай-ақ кездесуге қатысушылар лаңкестік қауіп туындаған жағдайда эвакуациялау тәртібін және одан әрі іс-қимылдарды егжей-тегжейлі қарастырды.

Бұдан бөлек медициналық мекемелердің басшылығы мен қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге қатысты заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді. Террористік тұрғыдан осал болуы мүмкін объектілерде техникалық құралдарды жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.