Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: Созақ ауданында балаларға арналған үш нысан пайдалануға берілді

Бүгін Созақ ауданы, Жартытөбе ауылдық округінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне және спортпен айналысуына мүмкіндік беретін үш жаңа нысан ашылды. Бабата елді мекенінде кіші футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, Жартытөбе ауылында да кіші футбол алаңы ел игілігіне ұсынылды.

Ашылу рәсіміне арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жергілікті тұрғындарды жаңа нысандардың ашылуымен құттықтап, ауыл жастары үшін жасалып жатқан игі істердің маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара барысында бүлдіршіндерге балмұздақтар үлестірілді. Жаңа ашылған алаңдарда алғашқы ойындар өтіп, балалардың қуанышы еселене түсті.

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. Жаңа нысандардың ауыл өмірін жандандырып, балалар мен жастардың уақытын пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретінін атап өтті.

Осы ретте, округке қарасты Аққолтық елді мекеніндегі кіші футбол алаңының құрылысы да аяқталуға жақын. Жуық арада пайдалануға берілмек.

Сәйкес жаңалықтар

Ленгір қалалық «Сапсан» жастар құрама командасының ұйымдастыруымен кезекті аудан жастары арасында кіші футболдан қайырымдылық турнирі болып өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады

admin

Индустриалды аймақтардың инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды

admin