Оқыс оқиғасыз жазғы демалыс: полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде

Түркістан облысында “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасына сәйкес  көлік көп жүретін жолдағы  жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру және жолаушылар тасымалын бақылауды күшейту мақсатында   түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жазғы демалыс кезінде облыстық патрульдік полиция батальоны мен аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері лагерьлерге жіберілген балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қызметтік автокөлікпен ілесіп алып жүрді.

Сонымен қатар полицейлер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жол қауіпсіздігі бойынша бейнероликтері мен  QR-кодтары бар жадынамалар таратты.

Осы орайда балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарын жетілдіру, балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларынан болатын  жарақаттанудың алдын алу ерекше бақылауда екенін ескертеміз.