Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын түсіндірді

Түркістанда полицейлер мен өрт сөндірушілер тұрғындарға қауіпсіздік талаптарын сақтау  бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторлары мен төтенше жағдай департаментінің өкілдері балалардың терезеден құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында көпқабатты үйлердің тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Азаматтармен кездесу барысында полицейлер қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндіріп, балалар ойнайтын бөлмелерде терезелерді ашық қалдырмауға шақырды. Сондай-ақ ересектерге масаға арналған торларды тиісті қорғаныссыз пайдаланбауға және бала өздігінен аша алмайтын блокаторларды немесе терезе тұтқаларын-құлыптарды орнатуға кеңес берді. Өз кезегінде өрт сөндірушілер облыс орталығының тұрғындарына көппәтерлі үйлердегі өрттердің адам өмірі үшін қауіптілігі мен зардаптары туралы түсіндіріп, өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттігін еске салды, сондай-ақ төтенше жағдайда қалай әрекет ету керектігін нақты көрсетті.

– Есіңізде болсын, үйдегі балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік бірінші кезекте ата-аналарға жүктеледі. Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, – деді түсіндіру жұмыстарын жүргізген полицейлер. Балалардың қауіпсіздігі  – бұл ортақ міндет және мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін тек бірлескен күш-жігерді қолданып нәтижеге жете аламыз.