Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Нұралхан Көшеров Түркиялық инвестормен зауыт ашу мәселесін пысықтады

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров түркиялық инвестормен бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді. Кездесу барысында Түркістан өңірінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, әріптестікті нығайту жолдары талқыланды.

– Өздеріңізбен келіссөздер жалғасып келеді. Ендігі кезекте нақты іске кірісіп, жобаны жүзеге асыратын сәт келді. Инфрақұрылым бойынша толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұралхан Көшеров.

Түркиялық инвестор Түркістандағы өндіріс алаңдарымен танысқанын, жобаны жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді. Қазіргі таңда ұйымдастыру, үйлестіру жұмыстары жүріп жатыр. Зауыттың құрылысын биыл бастауға ниетті.

Айта кетейік, түркиялық кәсіпорын 100-ден астам препарат өндіретін халықаралық деңгейдегі компаниялардың бірі. Өнімдері 50-ден астам елге экспортталады. Зауыт «TURAN» арнайы экономикалық аймағы аумағында салынады деп жоспарланған.

Сәйкес жаңалықтар

В Шымкенте около 2000 работникам оказана помощь по взысканию заработной платы

admin

Шымкентте әскери қызметшілерге қиын мәселені қалай дұрыс шешу керектігі айтылды

admin

ҚАЗҰУ ғалымдары Төле би ауданындағы сырғыма қаупі бар аймақтарды зерттеуде

admin