Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістанда полицейлерге психологиялық тренинг өткізілді

Түркістан облысының полиция департаментінде жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен полиция қызметкерлері арасындағы моральдық-психологиялық ахуалдың өзекті мәселелеріне арналған маңызды іс-шара өтті.

Іс-шараға сарапшы, тәжірибелі психолог және терапевт Салтанат Асанова қатысты. Сабақтың мақсаты өзара сыйластық пен түсіністікке негізделген диалог құрудың маңыздылығын түсіндіру болды. Қатысушылар «Жанжалсыз диалог: қарым-қатынаста экологиялық (зиянсыз, қауіпсіз) байланыстың маңыздылығы» тақырыбын талқылады.

Іс-шара барысында полицейлер қарым-қатынастағы жасыл принциптерді көрсету, жанжалдардың алдын алудағы сыпайы және саналы диалогтың рөлін түсіндіру, жеке шекараларға құрметпен қарау дағдыларын дамыту, эмпатия мен мұқият тыңдаудың маңыздылығын түсіну сияқты салалардағы білімдерін жетілдірді.

Бұл білім мен дағдылар полицейлерге қызмет бабында көмектесіп, кәсіби қиындықтарды жеңуге және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі деп күтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан өңірінде экзотикалық жеміс-жидектер өсіретін жылыжайлар аумағы ұлғаяды

admin

Шардара: «Аңыз адам» аудандық балаларға арналған шығарма жазу байқауы өтті

admin

ШЫМКЕНТ: Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі

admin