Түркістан облысында Ішкі істер органдарының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Түркістан облысы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары Д. Андасбеков пен Е. Оразалиев, аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ғ.Құрбаналиев Сайрам ауданында  зейнеткерлікке шыққан ардагер әріптестерінің шаңырағында болып, қал-жағдайларын біліп қайтты.

Олар ардагерлерді Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың атынан естелік сыйлық пен алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ ардагерлерге жас ұрпаққа мейірімділік пен адалдықтың үлгісін көрсетіп, жас мамандарды тәрбиелеп, құқық қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.

Өз кезегінде ардагерлер Департамент басшылығына және ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдіріп: “Бізді ескеріп, ұмытпай, мерекемен құттықтап келгендеріңізге және сый-сыяпаттарыңыз үшін өте ризамыз. Сіздерге қызметтеріңізде сәттілік, төзімділік пен мықты денсаулық тілейміз және  қоғамның дамуына өз үлестеріңізді  қоса беріңіздер”, – деп ақ батасын берді.