Құқық қорғау қызметінің қолжетімділігі айғақталды

Түлкібас ауданының жергілікті полиция қызметкерлері тұрғындармен ашық форматтағы кездесу өткізіп, қоғамдық қауіпсіздік талаптарын түсіндіруді жалғастыруда. Шараның мақсаты — қоғам мен полиция арасындағы байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті арттыру және тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беру.
Өз кезегінде учаскелік полиция инспекторлары тұрғындарға хабарландыру беріп, қоғамда “Заң мен тәртіп” қағидатының қалыптасуына үлес қосуға шақырды. Оған қоса патрульдік полиция, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармаларының мамандары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестер ұсынды. Есірткі қылмыстары мен интернет-алаяқтарының арбауынан сақ болу үшін қажетті ақпараттар жеткізілді.
Патрульдік полиция қызметкерлері ауладағы балаларға жол қауіпсіздігін түсіндіріп, сақ болу керегін ескертті. Мұндай кездесулер халықпен тығыз байланыс орнатуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полицияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.