Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан облысында полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын жүргізуде

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Арыс аудандық полиция бөлімімен бірлесіп халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналған интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда және жолдарда қарапайым қауіпсіздік шаралары туралы 1000-нан астам жадынама таратты. Бұл жадынамалар интернет-алаяқтардан қалай қорғану керектігі туралы маңызды ақпаратты қамтиды.

Сондай-ақ полицейлер тұрғындарға алаяқтық схемаларды қалай тануға болатынын және қылмыскерлердің құрбаны болмау үшін қандай шаралар қолдану керектігін түсіндірді.

Полицейлер атап өткендей мұндай алдын алу шаралары халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, интернет-алаяқтық жағдайларының санын азайтуға мүмкіндік береді.

Сәйкес жаңалықтар

Биыл «Отырар» секторында 1 нысанның құрылысы аяқталып, 2 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілді, 1 нысанның құрылысы жүргізілуде

admin

Сайрам: кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті

admin

Төлебиде бірнеше мектеп салынады

admin