Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті

Түркістан облысында полицейлер жолда қалып қойған жүргізушіге көмектесті. Алматы — Ташкент — Термез тасжолында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде патрульдік полиция қызметкерлері жол жиегінде тұрған көлікті байқады.

Полицейлер жүргізушіге жақындап, мән-жайды сұрады. Жүргізуші әйел Шымкент қаласынан Тараз қаласына бара жатқан жолда көлігінің дөңгелегі жарылып қалғанын айтты. Ол өтіп бара жатқан көліктерден көмек сұрауға тырысқанын, бірақ ешкім тоқтамағанын жеткізді.

Полиция қызметкерлері Ерік Адырбеков пен Адеш Ешім жүргізушіге дөңгелекті ауыстыруға және ақаулықты жоюға жедел көмектескен соң ол жолын жалғастыра алды. Жүргізуші әйел Түркістан облысы полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне уақытылы көрсеткен көмегі және үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Д.Сатыбалды: «Су тасқынының алдын алу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет»

admin

Биыл жасөспірімдердің қатысуымен 124 ЖКО тіркелді

admin

S&P Қазақстанның дербес рейтингін растады

admin