Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстанның әскери теңізшілері Бахрейнде су асты миналарын тазарту курстарында біліктілігін арттырды

ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің бес әскери қызметшісі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында су асты миналарын тазарту бойынша халықаралық курстарға қатысты.

Парсы шығанағы акваториясында практикалық сүңгу барысында әскери қызметшілер су астындағы жарылғыш заттарды анықтау және бейтараптандыру тактикасын пысықтады.

– Мұндай іс-шараларға қатысу озық әдістемелер мен технологияларды қабылдауға мүмкіндік береді. Жағалау аймақтарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға дайындықты арттыруға және серіктес елдердің әріптестерімен өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етеді, – деп түсіндірді капитан-лейтенант Жәнібек Салықбаев.

Сондай-ақ, су асты миналарын тазарту бойынша курстар халықаралық әскери ынтымақтастық аясында өткізілгенін атап өтеміз.

Сәйкес жаңалықтар

Еңбекті бағалау — қоғам алдындағы міндетіміз

admin

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының эвакуацияланған тұрғындарымен кездесті

admin

Төлеби ауданында түнгі рейд жұмыстары жүргізілді

admin