Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

67 жастағы марокколық саяхатшы мотоциклмен бірнеше елді аралап, Түркістанға жетті

Бүгін киелі Түркістан қаласына мотоциклмен бірнеше елді аралап өткен 67 жастағы Марокко азаматы табан тіреді.

Шексіз саяхатқа құлшыныс пен рухани ізденіс жетелеген ардагер саяхатшының басты мақсаты – әр елдің тарихымен, мәдениетімен танысып, жергілікті халықпен тілдесу. Түркі әлемінің рухани орталығы саналатын Түркістанға арнайы келу болған. Ол Қожа Ахмет Ясауи кесенесін және басқа да тарихи-мәдени нысандарды тамашап, тарихымен танысты. Оның айтуынша, Түркістан – тек тарихтың емес, рухтың да мекені.

Саяхатшы мотоциклімен Еуропаның бірнеше елін, сондай-ақ Түркия, Грузия және Әзербайжан елдерін аралап өтті. Каспий теңізі арқылы Қазақстанға жетіп, Ақтау, Ақтөбе және Арал қалаларында болған.

«Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы шетелдік саяхатшыны құрметпен қарсы алды. Ұлттық тағамдардан дәм татқызып, өңір тынысымен таныстыруда.

Сәйкес жаңалықтар

«Бизнес-бастау» жобасы 70 шәкіртін қаржыландырған

admin

Сәуле шағынауданында 2,5 гектар саябақ бой көтереді

admin

Түркістан облысының делегациясы Кореяның фармацевтикалық компаниясымен меморандумға қол қойды

admin