Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан: тұрғындар өтініші ескерусіз қалмайды

Түркістан облысында  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес тұрғындарды қабылдау жалғасуда. Осыған сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев  азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады.

Қабылдау барысында тұрғындар мәдениет саласын дамытуды көтеріп, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктердің жұмысын жандандыруға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Ертай Кенжебекұлы сауалдарды сала мамандары мұқият зерделеп, заң аясында шешім қабылданатынын айтты. Көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты басқарма басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Азаматтардың сұрақтары бойынша тиісті түсіндірме беріліп, шешу жолдары қарастырылды.

Еске  сала кетейік, тұрғындар облыс әкімі орынбасарының қабылдауына egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы немесе «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 жарысының жеңімпаздарын марапаттады

admin

Түркістан: Арыста мыңға жуық шабандоз қатысқан көкпар өтті

admin

Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейі

admin