Оқушы мұғалімді қорласа, ата-анаға қандай жаза бар?

 Кейбір оқушылар мұғалімдерге дөрекілік көрсетіп, оларды мазақ етіп, намысына тиеді. Мұндай жағдайда мұғалімдердің құқығына қатысты министрлік ұстанымы қандай және ата-аналарды жазалау қажет пе? Бұл сұрақты Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілі Оқу-ағарту министрлігі өкілдеріне қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елде 5 жыл бойы педагог мәртебесі туралы заң жүзеге асып жатыр. Заң бірінші кезекте педагог құқықтарын қорғайды. Сондықтан егер ата-аналар мен оқушылар тарапынан дау-жанжал туса, мұғалімнің құқықтары міндетті түрде қорғалады. Әрбір оқиға педагогикалық этика кеңестері, ата-аналар жиналыстары, бәлкім қоғамдық кездесулерде жеке-дара қаралады. Жалпы алғанда, бұл әкімшілік құқықбұзушылық болса, ата-анаға әкімшілік айыппұл салынады, – деп жауап берді Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

ПІКІР ЖАЗУ