Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Қазақстандықтар жедел жәрдемді дамыған елдерге қарағанда жиі шақырады

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Айтуынша, елде бір жедел жәрдем көлігіне 10 мың адамнан келеді. Бұл халықаралық стандарттан үш есе жоғары.

Халықаралық стандартқа сәйкес, бір реанимобиль 30 мың адамға қызмет көрсетуге тиіс. Бізде бұл үш есе жоғары. Ал дамыған елдермен салыстырғанда, отандастарымыз жедел жәрдемді 3-4 есе көп шақырады. Шетелде дене қызуы көтерілген кезде ешқандай бригада көмекке келмейді. Жедел жәрдемнің негізгі қызметі – адам өміріне қауіп төнген жағдайларда, мәселен: жарақат, инсульт, инфаркт алғанда және өзге де хирургиялық зақымданулар кезінде көмекке келу, — деп түсіндірді вице-министр.

Сондай-ақ өмірі қыз үстінде тұрған жандарға жедел жәрдем бригадасының уақытында көмекке келуін қамтамасыз ету әлі де басымдыққа ие екендігін алға тартты. Еске салайық, бұған дейін елдегі медициналық авиация паркінің жаңартылатыны туралы жазған едік.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының спортшылары топ жарды

admin

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады

admin

ШЫМКЕНТ: Зообақ жануарларын жаңа вольерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда

admin