Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтарҚоғам

Дәрі-дәрмекке ҚҚС енгізсе, баға шарықтап кетер еді – Аймағамбетов

 Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов екінші оқылымда қабылдаған жаңа Салық кодексі туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сұрақтар әлі көп. Біздің ұсыныстарымыз көп болды. Кейбір ұсыныстарымыз қолдау тапты, кейбірі қолдау таппады. Соның ішінде кітаптар мен олардың басып шығару қызметін ҚҚС-тан босату туралы ұсыныс жасадық. Ол қолдау тапты. Менің ойымша, бұл өте маңызды. Оған қоса, медицина саласы бойынша ҚҚС-ны дәрі-дәрмектерге енгізіміз деді. Бірақ 16% салықты барлық дәрі-дәрмекке енгізсе, онда ол бағаның бірден шарықтап кетуіне себеп болар еді. Сондықтан біз әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектерге ҚҚС салмауды ұсындық, — деп түсіндірді Аймағамбетов.

Сөзінше, бұл әлеуметтік, онкологиялық және т.б. ауруларға құн салынбайтынын білдіреді. Оның тізімін Денсаулық министрлігі мен Үкімет әзірлейді.

Сәйкес жаңалықтар

Хайп жасаған мәслихат депутаты Мәжіліске барғысы келеді

admin

Жамбыл: жаңа әкім ардагерлер кеңесінің төрағасын қабылдады

admin

«Жастар күніне» орай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті

admin