Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Шымкентте блогер мұғалімді бопсалап, 1,2 млн теңге талап еткен

Мұғалімді бопсалаған шымкенттік блогер ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, қаладағы мектептердің бірінің өкілі полицияға арыз жазған. Арыз бойынша полиция департаментінің қызметкерлері ірі көлемде ақша бопсалаған күдікті азамат С.-ны ұстады.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті өзінің медиа танымалдылығын пайдаланып, жағымсыз ақпаратты жариялаймын деп қорқытып, 1,2 миллион теңге талап еткен, — делінген хабарламада.

Осы жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қандай да бір қысым көрсету, қорқыту және бопсалау әрекеттері қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Полицейлер азаматтарды мұндай жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

Сарыағаш: консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті

admin

Әнші Yenlik тележүргізуші Динара Сәтжанға не себепті өкпелі

admin

Қазақстанның бірнеше өңірінде заңсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер анықталды

admin