Атыраудағы жайлы мектептердің бәрі биыл қолданысқа беріледі

Биыл Атырау облысында құрылысы жүріп жатқан 6 жайлы мектеп аяқталып, қолданысқа беріледі. Бұл туралы өңірдегі құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
“Жайлы мектеп” ұлттық жобасы шеңберінде өңірде бас-аяғы 2023-2025 жылы бас-аяғы 9 мектеп салу жоспарланған еді. 2024 жылы соның үшеуі іске қосылды. Биыл әлі 6 оқу ошағының құрылысы жүріп жатыр. Алдағы қыркүйекте әрқайсысы 900 орындық 3 мектеп тұрғындар игілігіне беріледі.
Атап айтқанда, Жұлдыз-3 ықшам ауданындағы мектептің 76%, құрылысы Жұлдыз-2 ықшам ауданындағы білім ордасының 83% мен Ақсай-2 ауылындағы мектептің 79% аяқталған.
Үш нысанның әрқайсысында 97-134 адамдай жұмыс істеп жатыр. Құрылыстары қыркүйек айында бітеді. Тағы екі жайлы мектеп құрылысы Құрманғазы ауданында жүріп жатыр. Онда бас мердігер “Каспий Құрылыс ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Екеуі де 600 орындық. Құрманғазы ауылындағы мектеп инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым бойынша 80% орындалды. Ақкөл ауылындағы мектептің 47 пайызы бітіп тұр. Қос ғимарат жыл соңына дейін тапсырылады, – дейді Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Н. Мәлікұлы.
Биылғы жылдың аяғына дейін қолданысқа берілетін оқу ордаларының қалған біреуі Жылыой ауданы Құлсары қаласында. Атырау шағын ауданында бой көтерген нысан 1200 орындық. Нысандағы жұмысшалар саны 41. Құрылыс монтаж жұмыстарының 38 пайызы орындалды.
Айта кетсек, жайлы мектептер құрылысына 40 млрд теңге қаржы бөлінген.