Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Тоқаев пен Бердімұхамедов Түркістандағы «Этноауыл» кешеніне барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов «Этноауыл» кешеніне барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы мен Түрікменстан Халк маслахатының төрағасы «Әзірет Сұлтан» музей-қорығының аумағында орналасқан ұлттық-мәдени кешенді аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов шығыс базарын аралап, дәнді дақылдардың сұрыптарымен танысты.

Мәртебелі меймандарға ұлттық тағам түрлері, ағаштан түйін түю, кілем тоқу, киіз басу, қыш және зергерлік бұйымдар жасау сияқты халық қолөнері шеберлерінің туындылары көрсетілді, салт-дәстүрімізді паш ететін театрландырылған қойылым ұсынылды, — делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар олар тазы мен қыран құстарды тамашалады. Еске салсақ, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға келген еді.

Президент мәртебелі мейманды Түркістан әуежайынан қарсы алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедов бейресми кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар нысанды бірге аралап көреді.

Сәйкес жаңалықтар

WorldSkills Abai–2025 аймақтық кезеңі Абай облысындағы барлық кәсіп түрлерін қамтиды

admin

Төлеби: Тасарық ауылдық округінде жүзеге асқан жобалар ауқымды

admin

Түркістанда қарттар мен ардагерлер ардақталды

admin