Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астана, Алматы, Қарағанды қалаларына жаңа атау беріледі

 Астана, Алматы және Қарағанды қалаларына «Еңбек даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» құрметті атағы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұндай шешім ТМД-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданды. Атақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында беріледі. Бұл құрметке ТМД-ға мүше басқа да қалалар ие болмақ

Соғыс жылдарында Астана (ол кезде – Ақмола), Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпорындар әскери және азаматтық өнімді үздіксіз шығарып отырды. Халық ерен еңбек ерлігі мен жанқиярлық танытты. Осыған байланысты бұл қалаларға «Еңбек даңқы қаласы» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Аталған қалаларда жаңа мәртебе туралы ақпарат пен қаланың елтаңбасы бейнеленген арнайы стелалар орнатылады. Бұған дейін Қазақстан тарапы ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесіне ресми өтініш жолдаған болатын. Бұл ұсыныс 11 сәуірде Алматыда өткен кеңестің отырысында мақұлданды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістандық спортшылар гір тасын көтеруден ел чемпионы атанды

admin

Түркістан облысының әкімі Қазақстан футбол федерациясының жауапты өкілдерімен кездесті

admin

Қазақстан шахталарындағы қауіпсіздік қалай ұйымдастырылады?

admin