Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемЖаңалықтар

Британдық барлау: Ресейдің әскері әлсіреп барады

 2025 жылдың басынан бастап Ресей әскери күштерінің Украинадағы ілгерілеуі бәсеңдеп, шабуылдар саны азайған, деп хабарлайды BAQ.KZ «Европейская правда» басылымынына сілтеме жасап.

Британдық барлаудың бағалауынша, 2025 жылғы наурызда Ресей Украина аумағының шамамен 143 шаршы километрін басып алған. Бұл орта есеппен күніне 5 шаршы километрден де аз.

Ресейдің алға жылжу қарқыны 2024 жылғы қарашадан бері ай сайын төмендеп келеді. Ол кезде ресейлік күштер 700 шаршы километрден астам аумақты басып алған еді.

Наурыз айында Ресей ең үлкен нәтижелерге Донецк облысының орталық бөлігінде жеткенімен, өздерінің операциялық жағдайларын айтарлықтай жақсарта алмаған. Сонымен қатар, украин әскерлері Покровск маңындағы кейбір ресейлік жетістіктерді жоққа шығарып, тактикалық қарсы шабуылдар жасаған.

Айдың соңында Ресей шабуылдарының санын арттырғанымен, бұл ілгерілеу қарқынын күшейтуге әкелмегені айтылған.

Сәйкес жаңалықтар

Туризм саласына 3 млрд 757 млн теңге инвестиция тартылады

admin

Түркістан облысында бюджет есебінен 20 мектептің құрылысы жүріп жатыр

admin

Кентауда алтын құрсақты аналарға төсбелгілер табысталды

admin