Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Президент БҰҰ Бас хатшысымен телефон арқылы сөйлесті

 Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президент Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдаған қарардың маңызын атап өтті. Сондай-ақ Аймақтық орталықтың институттық негізін жасақтау бойынша атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл құрылғанына 80 жыл толған БҰҰ-ның әлі де әмбебап әрі баламасы жоқ ұйым саналатынын жеткізді. Сонымен қатар мемлекеттердің барлығы құрылым Жарғысы мен әлем елдері мойындаған халықаралық құқық қағидаттарын сақтауға тиіс деп санайды. Бас хатшы Қазақстанның бітімгершілік күш-жігеріне, жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға және орнықты дамуды ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Сәйкес жаңалықтар

Бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні

admin

«Qazcontent» пен «Жастар» орталығы бірігіп жобалар жасайтын болды

admin

Өңір экономикасын қарқынды дамыту үшін ұзармерзімді инвестиция құятындарға қолайлы жағдай жасалады

admin