Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Утильалым ақшасынан қоқыс өңдейтін зауыттарға несие беріледі

Утильалым есебінен ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салуға жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті.

Мемлекет басшысының ірі қалаларда қоқыс өңдеу зауыттарын салу жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін утильтөлем есебінен жеңілдетілген қаржыландыру механизмі бекітілді. Жылдық 3 процентпен 15 жылға және екі жылға дейінгі демалыспен несиелер көзделген, – дейді Нысанбаев.

Ведомство басшысы министрлік пен әкімдіктер ұсынған құны 316,9 млрд теңгелік 67 жобаны мақұлдағанын айтады. Оның ішінде 43 жоба қайта өңдеуге бағытталған. Бұған дейін хабарлағанымыздай, елімізде жыл сайын 4,5 млн тонна қоқыс жиналады.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғын үйлердегі 95 меншік иелерінің бірлестіктері тіркелді

admin

ШЫМКЕНТ: 75 хаттамалық тапсырма орындалды

admin

Мас күйінде ұсталған жүргізушіге қатысты сот шешімі шығарылды

admin