Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Үш облыста тас жолдарды су шайып кетті

 24 наурыз сағат 08:00-дегі мәлімет бойынша үш облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолын еріген қар суы басты. Салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысы:

«Қандыағаш — Ембі- Шалқар — Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымы аралығы (Қандыағаш қаласы — Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

«Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін). Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.

Сәйкес жаңалықтар

-40°C аяз: Қазақстанға арктикалық суық келе жатыр

admin

ШЫМКЕНТ: Жасыл желекті қалаға айналдыру және ағаштарды көбейту

admin

Құрсай шағын ауданы ауызсумен толық қамтылады

admin