Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Имамдарға әлеуметтік желілерде сөйлеуге тыйым салынбақ

 27 мамырдан бастап Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдарына әлеуметтік желілерге кіруге және жазбаларға «лайк» қоюға тыйым салынады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзбекстан мұсылмандары басқармасы бұл шектеуді ресми түрде растады. Мамыр айының соңында барлық имамдар Ташкенттің бас имамының көмекшісі Эргаш Рустамовтан аудио хабарлама алды. Онда имамдарға әлеуметтік желілерде пікір білдіруге және кез келген жазбаға «лайк» басуға тыйым салынғаны айтылған.

Елдегі діни ахуалға келсек, Өзбекстанда 16 конфессияға тиесілі 2285 діни ұйым бар. Олардың ішінде 2098-і исламдық ұйымдар, ал 188-і басқа діни ағымдарға жатады.

Өзбекстан Республикасының Конституциясына сәйкес, дін мемлекеттен бөлінген. Діни ұйымдар мен конфессиялардың қызметі «Ар-ождан бостандығы және діни ұйымдар туралы» заңмен реттеледі.

Сәйкес жаңалықтар

В Туркестанской области площадь пастбищ увеличится на 304 тыс. га

admin

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

admin

Желіні шулатқан медресе мемлекеттен қомақты қаржы алып отырған

admin