Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Астанаға LRT вагондары келді ме?

 Астана тұрғындары қалада тасымалданған ерекше құрылымды видеоға түсірді.

Видеоны жариялаған автор оның LRT вагондары болуы мүмкін екенін болжады. Шынында да, бұл құрылым сырттай вагонға ұқсайды. Мүмкін, бұл вагондардың өзі емес, салынып жатқан станциялардың элементтері шығар, – дейді видео авторы.

Кейбір пікір білдірушілер “бұл модульдік үй болуы мүмкін” деген болжам айтады. Алайда CTS компаниясының баспасөз қызметінің айтуынша, бұл видеоның LRT вагондарына қатысы жоқ екенін растады.

Вагондар әлі әкелінген жоқ, – деп нақтылады баспасөз қызметі. Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы LRT вагондарының қандай болатыны туралы ақпарат жарияланған болатын. Қытайдың Таншань қаласында Астана LRT жүйесіне арналған алғашқы вагондар құрастырылып жатыр. Барлығы 19 заманауи, жүргізушісіз пойыз жасалады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан : Мақтаралда жас балуандар күш сынасты

admin

Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді

admin

Шардара ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

admin