Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жолаушылар екі күн автобуспен тегін жүреді

Атырауда Көрісу күні және Наурызда қоғамдық көлікте жүру ақысы тегін болады. Шаһар басшысы Шәкір Кейкиннің сөзінше, бұл жергілікті тұрғындар жақындарымен кездесуі үшін жасалған.

Көрісу күні және Наурыздың құрметіне орай, 14 және 22 наурызда Атырауда қоғамдық көлік тегін қатынайды. Мұндай шешім тұрғындар жақындарымен қауышып, Наурыз мерекесін атап өтуі үшін қабылданды, — деді  қала әкімі. Айта кетейік, Наурыз мейрамы биыл демалыс күндеріне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз күндері қатарынан бес күн демалады. Алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25 наурыз — жұмыс күні, ал 21, 22, 23 және 24 наурыз демалыс күндері болады.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрады

admin

Сенім дипломатиясы және түркі бірлігі: Тоқаевтың бейбітшілік миссиясы

admin

Түркістан: Қазығұртта «Алтын күз – 2023» мерекесі өтті

admin