Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қызылорда облысында ауылды су басты

8 наурыз күні кешке Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Жосалы кентінде қардың еруі салдарынан Қасымов және Мәмбет би көшелеріне су жайылған. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, су тұрғын үйлердің аумағына кірмеген, зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның күштері мен құралдары жедел жетті. Салдарын жоюға барлығы 150-ден астам адам және 14 бірлік техника, оның ішінде мотопомпалар жұмылдырылды, – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлерді су баспады. Қазір еріген қар суын сору және бұру жұмыстары толығымен аяқталды, жағдай тұрақты.

Сәйкес жаңалықтар

Тараздағы Халық қаһарманы Мейіржан Аймановқа арналған ескерткіш-бюсттің ашылуы өтті

admin

Созақ ауданының әкімі дауыл мен жауын салдарынан жарықсыз қалған ауылдардың жай күйімен танысты

admin

Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні

admin