ШЫМКЕНТ: Жасыл аймақты 13000 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр

Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ғалымжан Ильясов қала әкіміне атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.
Жиында жасыл аймақтарды ұлғайту, саябақтар мен гүлзарлардың құрылысы, ирригациялық жүйелердің мәселелері талқыланды.

Басқарма басшысы 2021-2025 жылдары жасыл аймақтарды ұлғайту жоспарымен таныстырды. 2021 жылы жасыл аймақты 250 гектарға дейін ұлғайту көзделген. 2022 жылы 2250 га. 2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 гектарға жеткізу межеленіп отыр.

Басқарма басшысының айтуынша, мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша қала әкімінің қаулылары шыққан жер телімінің аумағы – 4175 га. Оның ішінде, бүгінде 1 022 га жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды.
Сондай-ақ, есепті жиында жасыл аймақтарды ұлғайту мақсатында егуге ұсынылатын ағаштар тізбесін ұсынылды. Атап айтқанда, қалада жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған (ясень), бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу жоспардануда.

Қала аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

 

ПІКІР ЖАЗУ