Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Алматыда жол апатынан 6 адам зардап шекті

 Кеше түнде Алматыда Медеуге барар жолда жол апаты болды. Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Желіде оқиға орнынан видео тарады. Алматы полиция департаменті оқиғаның мән-жайын хабарлады.

«Кia көлігінің жүргізушісі Керей-Жәнібек Хандар көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, сол көшемен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан Toyota Mark 2 көлігімен соқтығысқан, екі көліктің жүргізушісі мен Toyota Mark 2-нің үш жолаушысы және Kia көлігінің бір жолаушысы зардап шекті», — деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі.

Зардап шеккендердің барлығы медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді. Алматының Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кірісті.

Сәйкес жаңалықтар

ДВА ГОРОДА — ДВА МИРА

admin

Түркістан облысында жайлы мектептердің құрылысы аяқталып келеді

admin

Алматы қаласына Түркістан өңірінен 400 тоннадан астам өнім жөнелтілді

admin