Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды

Жетісу облысында ТЖМ қызметкерлері қар құрсауынан 11 адамды құтқарды. Бүгін Алакөл ауданында «Үшарал-Достық» тас жолында жолаушылары бар бес жеңіл көлік қар құрсауында қалды.

Құтқарушылар «Трэкол» жол талғамайтын көлігімен жолдың күрделі бөлігіне шықты. Достық станциясына 11 жергілікті тұрғынның барлығы жеткізілді, оның ішінде 3 бала. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады. Сондай-ақ, құтқарушылар қосымша жабық учаскені аралап шықты. ТЖМ сапарға шықпас бұрын автомобильдің техникалық жағдайын және ауа-райын мұқият қадағалауды еске салады!

Сәйкес жаңалықтар

Барымташылардың қылмыстық тобы құрықталды

admin

Түркістан облысы басқармалары арасында карпфишинг сайысы өтті

admin

Бадам өзенінен өтетін көпір саттарханов көшесіне жалғасуда

admin