Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қарағанды тасжолында 800 көлік жолда қалды

 Қарағанды тас жолында ауа райының нашарлауына байланысты шамамен 800 автокөлік кептелісте тұрып қалды. Бүгін Қарағанды облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты екі негізгі бағыт: Қарағанды — Астана және Қарағанды — Павлодар жолдары жабылды. Күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтетін республикалық маңызы бар Алматы — Екатеринбург автожолында күрделі жағдай қалыптасты, — делінген хабарламада.

Теміртау қаласының маңындағы терминалда жолдардың жабылуына байланысты шамамен 800 автокөлік жиналып қалған.
 Қарағанды облысының полицейлері жол жағдайын қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Жақын арада автоколоннаға Ақмола облысының шекарасына дейінгі бағытта қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып, ілесіп жүру ұйымдастырылады.

Қарағанды облысының полиция департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын елді мекендерден тыс жерлерге аса қажеттіліксіз шықпауға шақырады. Жол жағдайы туралы өзекті ақпарат алу үшін 112 қызметінің хабарламаларын қадағалауға кеңес беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

Air Astana әуекомпаниясына неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды

admin

Қарағандылық синхроншылар Азия чемпионатында жеңіске жетті

admin

Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды

admin