Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Жолды сапасыз салған мердігер 300 млн шығынға батты

Биыл Шығыс Қазақстан облысында 600 шақырымнан астам жол жөнделгенімен біршама бөлігі сапасыз орындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. Соның кесірінен мердігерлер 405 мың текшеметр асфальт-бетонды жабындыны қайта ауыстыруға мәжбүр болды. Бұл үшін өз қалталарынан 300 миллион теңге жұмсады. Облыстық «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандарының айтуынша, олар жөнделген жол бойынан 2 мыңнан астам сынама алған. Соның 628-і талапқа сай емес боп шықты. Қазір анықталған ақаулардың 150-ге жуығы жөнделді. 

Бірақ тек кемшіліктерді жойып қоймай, ол туралы мәліметті KazRoadLab цифрлық платформасына тіркеу қажет. Аталған ақылды қосымша автожолды жөндеу жұмыстарының ашықтығын көрсетеді. Бірақ тапсырыс берушілер әзірге бұл технологияны дұрыс меңгере алмай отыр.

Қазіргі кезде кейбір ақаулар мысалы жойылған жаз кезінде.Бірақ та Казроудлаб программасына жүктелмегендіктен оны әлі жойылмаған деп санап отыр,Ал біз оны белгілеген құжаттарымен жүктемейінше біз оны жойылды деп қабылдай алмаймыз. Алыс шалғай аудандарда мамандар жетіспеуіне байланысты кейбіреулер программаны түсінбегендіктен бұл жұмыс ақсап жатыр, — деді «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШҚО филиалының инженері Айдос Қабылбаев.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: аппарат мәжілісінде қаланы дамытудағы кешенді жоспарлар талқыланды

admin

Наградталған аналар мәртебесі иегерлеріне арналған әлеуметтік жәрдемақы өсті

admin

Шымкентте 25 маусымда Al-Farabi тұрғын үй кешенінің болашақ тұрғындары пәтер кілттеріне ие болды.

admin