Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды

 Алматыда есірткіні жарнамалаған Telegram-арналарының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Бас Прокурордың «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде Алматы қаласының прокуратурасы есірткі және психотроптық заттарды жарнамалауды және сатуды жүзеге асырған 22 Telegram-арнасының қызметін тоқтатты.

Бұл арналарға қатысушыларға тыйым салынған заттарды сатып алу ғана емес, сонымен қатар «закладчик» ретінде заңсыз қызметпен айналысу ұсынылғаны анықталды. Сот Жетісу ауданы прокурорының аталған интернет-ресурстарға тыйым салу туралы талап-арызын қанағаттандырып, олардың қызметі тоқтатылды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жедел шаралар қабылдау үшін есірткі тарату фактілері және өзге де құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

«ЭКОБАЗАРДАҒЫ» жәрмеңкеде азық-түлік арзан бағада сатылып жатыр

admin

2022 жылы Түркістан облысында кітапхана оқырмандарының саны 425 мыңнан асқан

admin

Бәйдібек: ардагерлермен алқалы жиын өтті

admin