Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Қоғам

Шымкентте алты баланы өрттен аман алып қалған әйелге пәтер кілті табысталды

Шымкент тұрғыны Марина Гафарова өрттен алты баланы аман алып қалды. Оқиға 16 желтоқсанға қараған түні Қайнарбұлақ саяжайында болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. ӨКҚ Instagram-дағы мәліметіне сүйенсек, Марина Гафарова Қайнарбұлақ саяжайы, Ореховая көшесі №58 мекенжайында орналасқан тұрғын үйден шыққан қызыл жалынды байқап, өз өміріне қауіп төніп тұрса да, терезені сындырып, сол үйдегі балаларды қою түтіннің арасынан аман алып шыққан. Осылайша, Маринаның ерлігінің арқасында кәмелет жасына толмаған алты бала өрттен аман қалды. Ал Маринаның қаһармандығына ел тәнті болды. Айта кетейік, Марина Гафарованың өзі де көпбалалы ана. Оның бұл еңбегі ескеріліп, ерлігі мен батылдығы үшін демеушілердің көмегімен жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден 4 бөлмелі пәтердің кілті табысталды. 

Сәйкес жаңалықтар

«Декретке миллионмен» немесе ЖИ-ді шектеу. Дәулет Мұқаев өзін сынағандарға жауап берді

admin

Мемлекет басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңға қол қойды

admin

Астанада киіз үй тігуден шеберлік сабағы ұйымдастырылды

admin