Ақтауға Әзербайжан республикасынан арнайы делегация барды
25 желтоқсан күні Ақтау маңында орын алған ұшақ апатына байланысты Маңғыстау облысына Әзербайжан республикасынан арнайы құрылған комиссия барды, деп хабарлайды BAQ.KZ. Құрамында құтқарушылар, психологтар, прокурорлар бар делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі бастап келді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәудет Қилыбай мен Әзербайжан үкіметінің өкілдері құтқару операциясы аясында жасалатын тиісті шараларды пысықтады. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті көмектердің көрсетіліп жатқанын айтты. Бұған дейін хабарлағанымыздай, сағат 11:10-да Ақтау қаласының маңында “Баку-Грозный” бағытындағы ұшақ апатқа ұшыраған еді. Апатқа ұшыраған ұшақта 6 қазақстандық болған. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік комиссия құрылды. Бас прокуратура Ақтау маңындағы әуе апатын тергеу үшін ведомствоаралық тергеу-оперативтік топ құрылғанын мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Маңғыстау облыстықауруханасына ұшақ апатынан зардап шеккен 29 адам ауруханаға жатқызылды, 11 адамның жағдайы ауыр. Мемлекет басшысы Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты.