Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Құқық

ҰҚК Қостанай облысында ірі есірткі зертханасы анықтады

15 желтоқсанда ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды BAQ.KZ. Психотроптық заттарды дайындау кезінде қазақстанның екі азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.

«Тінту барысында 2 келіге жуық дайын «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен есірткі дайындауға арналған прекурсорлар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», делінген ҰҚК хабарламасында. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Сәйкес жаңалықтар

В Туркестанской области поздравили сотрудников судебно-медицинской экспертизы с Днем медицинского работника

admin

Арыс: аудандық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

admin

Шымкент көшелерінде оқ атылуы мүмкін

admin