Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда көшеде намаз оқыған 30 адамға айыппұл салынды

Алматыда көшеде намаз оқып, жолда кептеліс тудырғандар анықталды, деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаменті. Құқық бұзған 30 адам Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 614-бабы «Көлік құралдарының қозғалысына кедергі жасау» бойынша жауапқа тартылды.

Сонымен қатар Алматы қалалық полиция департаменті кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу екенін және Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады, — дейді ведомство. Еске сала кетейік, Алматыда бір топ адам намаз оқу үшін жолды жауып тастаған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Азық-түлік корпорациясы элеваторларды босатуға кірісті

admin

Ордабасы: аудан әкімі Шұбарсу ауылындағы инженерлік-инфрақұрылым жүргізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

admin

Астанада жарнамалар неліктен алынып жатыр? Әкімдік түсініктеме берді

admin