Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Оңтүстік» айналма жолының құрылысымен танысты. Аралау барысында әкім жұмыстың сапасына назар аударды. Сонымен бірге, мердігер мекемеге жұмыста қолданылатын құрылыс материалдары, қазақстандық өнім болуы қажет екенін ескертті.

Құрылысы салынып жатқан екі жолақты жолдың ұзындығы 16 шақырым болса, көшенің ені 15 метрді құрайды. Жол құрылысы Ленгір тас жолынан бастап КХ-15 облыстық маңызы бар автожолына дейінгі аралықты алады.

2021-2022 жылдарға жоспарланған жол-құрылысына жауапты мердігер мекеме «Корпорация Береке-А» ЖШС. Қазіргі таңда аталған нысанның Шымкент-Ташкент жолына қиылысатын бөлігінде жол өткелі, яғни көпір құрылысы салынуда.

Жалпы 16 шақырымның 3 бөлігінде жолдың негізін дайындау жұмыстары қолға алынған. Қазір көпір өткелі құрылысы, жол жабынының жер жұмыстары атқарылуда. Бекітілген өндірістік кестеге сәйкес, биыл жолайрық құрылысы, байланыс, электр, газ, сыртқы сумен қамту жүйелерінің орнын ауыстыру және жол құрылысы жұмыстары жоспарланған.

 

Сәйкес жаңалықтар

Шардараның шарболаттары әлемді тағы да мойындатты

admin

Әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Президент Жолдауы үлкен стратегиялық маңызға ие

admin

Полицейлер 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығын қорытындылады

admin