Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Құқық

QirSabyn телеграм-арнасына ақпарат жариялаймын деп қорқытып, ақша бопсалаушылар ұсталды

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 18 желтоқсанда Бас прокуратураның үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ІІМ ведомствоаралық жедел-тергеу тобымен және ҚМА-нің мамандандырылған бөлімшесімен бірлесіп, Астана және Қарағанды қалаларында QirSabyn телеграм-арнасы арқылы шындыққа жанаспайтын ақпаратты жариялап, ақша бопсалаумен айналысқан адамдар тобы ұсталды.

Шұғыл тергеу әрекеттері жүргізіліп, техникалық құралдар, ірі көлемдегі ақша сомасы және өзге де заттай дәлелдер алынды. Телеграм-арнасының әкімшілері соттың санкциясымен қамауға алынды.Қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жалғасуда.Тергеу аясындағы өзге ақпарат жария етілмейді. Елорда прокуратурасы 4 инвестордың құқығын қорғады.

Сәйкес жаңалықтар

Ел бірлігін нығайту мақсатында штаб отырысы өткізілді

admin

Елордада 800-ден астам ұлан қаржылық қауіпсіздік бойынша оқытудан өтті

admin

Ынтымақ, үлгі іздесең, қариясы басшы топқа бақ

admin