Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Шоу-бизнес

«Атқан адамдар белгілі болады деп сенемін»: Мақпал Жүнісова марқұм Нұрқаділов туралы айтты

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі атқан адамдардың аты белгілі болатынына сенетінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Мақпал Жүнісова бұл туралы Massaget.kz тілшісіне берген сұқбатында айтты. Эстрада жұлдызы марқұмның үйіне қатысты пікір білдірді. «Зәкең жайлы көп сөз қозғай беріп керек емес. Мен ол кісінің ақталатынына сенемін. Зәкең ақталғанда үкіметке тапсырамын деп оның қолданған заттарын, суретшілер салған портреттерді өзінің үйінде сақтап отырмын. Ол үй Мерейдің үйі. Қызым екеуміз оны барып жинап тұрамыз. Сол кісінің аруағы разы болсын деп жүрміз. Зәкеңді атқан адамдардың аты жақында белгілі болады деп сенемін», — деді әнші.   

Сәйкес жаңалықтар

«Қызуқанды адаммын»: Дариға Бадықова желіде өзін сынап жатқандарға жауап берді

admin

Артур Толепов аудан әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

admin

«Жасарып кетіпті»: Мақпал Жүнісова желіде жаңа фото жариялап, елді таңғалдырды

admin