Адам өлімінен кейін Алматы метросында не өзгереді – Досаев жауап берді

 Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев зағип жігіттің метродағы рельске құлап кеткен қайғылы оқиғасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

БАҚ өкілдері “Алматы метросындағы төтенше жағдайдан кейін қандай шаралар қолданылады?” деген сауалына қала әкімі жауап берді. Расында, бұл оқиға бәріміздің жүрегімізге ауыр тиді, мен бұл отбасына шын жүректен көңіл айтамын. Біз бәріміз Алматыда тұрамыз, бұл біздің ортақ үйіміз. Кім кінәлі немесе кінәсіз деген сұраққа қызметтік тергеу жауап береді. Полиция департаменті де өз тергеуін жүргізіп жатыр. Кеңістікті жабу үшін платформалық турникеттер орнатылады. Бұл мәселе біздің балаларымыздың қауіпсіздігіне де қатысты. Аталған жұмыстар 2025 жылдың басында жүргізіледі,- деді қала әкімі.

ПІКІР ЖАЗУ